Бүгін Достық үйінде өткен Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституция – әділетті Қазақстанның негізі» тақырыбындағы ғылыми-танымдық конференцияға Сот әкімшілігі Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы М.Асанова қатысып, «Конституция – еліміздің басты Заңы» тақырыбында баяндама жасады.
Өз сөзінде М.Асанова Конституцияның мемлекетіміздің құқықтық жүйесіндегі айрықша рөліне тоқталып, оның қоғамдағы тұрақтылықты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы маңызын атап өтті.
Сонымен қатар, Конституцияның негізінде сот жүйесінде енгізілген жаңашылдықтар мен соңғы өзгерістерді атап өтіп, сот жұмысын ұйымдастыру мәселелеріне тоқталды.
Конференция соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі