Сыр елінің ауыл шаруашылық бағыттағы өнімдері еліміздің ішінде ғана емес, өзге елдер арасында да сұранысқа ие. Мәселен, күріш, балық өнімдері, күріш қалдығы, қамыс, күнбағыс тұқымы, көкөніс, ірі қара, тұқымдар мен жемістер, қызанақ, қарбыз, қауын секілді азық-түлік өнімдері бүгінде 21 елге экспортталады.
Өткен жылдың 1 қазанына облыстан құны 22,1 млн. АҚШ доллары болатын 40,9 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері өзге елге жөнілтілген. Экспортталған өнімнің 84,8 пайызы – күріш. Жалпы 14,3 млн. АҚШ долларына бағаланған 34 703,9 тонна күріш Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Украина, Түркменстан, Грузия, Моңғолия және Ирак мемлекеттеріне сатылуда.