▪️«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Сырдария аудандық соты әкімшісі басшысының орынбасары М.Асан және жетекші маман Д.Кузербаев Сырдария ауданының жастарымен кездесу өткізді.
▪️Кездесу барысында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, дропперлік және интернет-алаяқтық сияқты өзекті мәселелер сөз болып, олардың салдары жөнінде түсіндірме берілді.
▪️Сонымен қатар, заңнама талаптарын білу және құқыққа қайшы әрекеттерден аулақ болу қажеттігі атап өтілді.
Сырдария аудандық соты