▪️Байқоңыр қалалық сотында «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» №329-VIII ҚРЗ Заңын іске асыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткізілді.
▪️Шараға Байқоңыр қалалық сотының судьялары және прокуратура, ішкі істер органдары және пробация қызметтерінің өкілдері қатысты.
▪️Дөңгелек үстел барысында рақымшылық туралы заңның қолданылу аясы, заң талаптарын практикада іске асыру кезінде туындайтын өзекті мәселелер талқыланды.
▪️Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.
Байқоңыр қалалық соты