Тергеу изоляторында қамауда отырған інісіне сәлем-сауқат әкелген азамат мекеме аумағына ақшаны қалтасына жасырып өткізбек болған. Мекеменің бақылап өткізу бекетінің қызметкерлері тексеру барысында азаматтың қалтасынан ақшаны анықтады. Аталған дерек бойынша азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік материалдар жинақталып, соттың қарауына жолданды. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде тыйым салынған заттарды өткізу әрекеттерінің жолын кесу мақсатында бақылау-тексеру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған