▪️Қызылорда облыстық сотында өткізілген жиында облыстық соттың төрағасы Ә.Шығамбаев Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 қазандағы №1511 Жарлығын сот ұжымына таныстырды.
 
▪️Аталған Жарлықпен Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы болып Абубакирова Бибігүл Ахунбайқызы тағайындалды.
 
▪️Сонымен бірге, аталған Жарлықпен Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Жүсіпов Телжан Қуанышбекұлы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы болып тағайындалды. 
 
▪️Облыстық соттың төрағасы судьялардың жаңа жұмысына сәттілік тіледі.
 
▪️Қысқаша мәлімет:
 
Бибігүл Абубакирова Ахунбайқызы –  сот жүйесінде аға маман, жетекші маман-сот отырысы хатшысы, бас маман болып еңбек етіп, 2023 жылдан бастап осы уақытқа дейін Байқоңыр қалалық сотының судьясы қызметін атқарған.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған