▪️«Заң мен тәртіп» тұжырымдама аясында Арал аудандық соты әкімшісінің басшысы З.Сермағамбетова №64 орта мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесті.
▪️Кездесу барысында оқушыларға сот отырысы залдарының ерекшеліктері түсіндіріліп, сот процестерінде аудио-бейнежазба жүйесінің қолданылуы, онлайн форматтағы отырыстар өткізу мүмкіндігі жөнінде ақпарат берілді.
▪️Сонымен бірге, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері жәнеоның салдарытүсіндіріліп, заң талаптарын сақтап, құқыққа қайшы әрекеттерден аулақ болуы қажеттілігі жөнінде айтылды.
▪️Шара соңында З.Сермағамбетова оқушылардың қойған сауалдарына жауап беріп, заңнама талаптарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Арал аудандық соты