Қызылорда қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында шахматтан турнир ұйымдастырылды.
Зияткерлік сайыс «Government Chess Cup 2026» шахмат турнирінің іріктеу кезеңі аясында өтті.
Турнир қорытындысы бойынша Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы Л.Әбдуәли І орынды жеңіп алды.
Сонымен бірге, Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маманы Б.Ердәулет ІІ орын иеленді.
Тартысты додада жоғары деңгейдегі шеберліктері мен стратегиялық ойлау қабілеттерін көрсете білген әріптестерімізді жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі