Жалағаш аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 147-1-бабының 1-бөлігі бойынша азамат С.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Азамат С. жәбірленуші Б.-ның автокөлігін дөңгелегін тесіп, бөтеннің мүлкін қасақана бүлдірген.
Сот отырысында С. өз кінәсін мойындап, қазіргі уақытта қалпына келтіріп бергенін көрсеткен.
Жәбірленуші Б. өзіне келген мүліктік шығын толығымен өтелгенін көрсеткен.
Сот қаулысымен С. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 147-1-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 151 375 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Жалағаш аудандық соты