▪️«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының ұйымдастыруымен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттерімен кездесу өткізілді.
 
▪️Іс-шараға Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы А.Аблаева және сот әкімшісінің басшысы Д. Камзаев қатысты.
 
▪️Кездесу барысында заң талаптарын қатаң сақтау мәселелері айтылып, қоғамдық орындарды ластау әрекеттері үшін көзделген әкімшілік жауаптылық түсіндіріліп, осы тақырыпта бейнематериалдар көрсетілді.
 
▪️Сонымен қатар, әлеуметтік желілердегі тікелей эфирлер мен жарияланымдарда балағат сөздер мен әдепсіз сөздерді қолдану да әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін екендігі атап өтілді.
 
▪️Іс-шара соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, заң талаптарына сәйкес түсіндірмелер беріліп, тиісті жауаптар ұсынылды.

Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған