▪️Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінде құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында студенттермен кездесу өткізілді.
 
▪️Кездесуге Шиелі аудандық сотының төрағасы Н. Бекетаев қатысып, құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру тақырыбында баяндама жасап, заң талаптарын құрметтеу әрбір азаматтың міндеті екені түсіндіріп өтті.
 
▪️Сонымен қатар, заң аясында тиісті жауапкершілік көзделгені айтылып, студенттерге заң талаптарын бұзудың салдары мен оның қоғамға тигізер кері әсері түсіндіріп, құқыққа қайшы әрекеттерден аулақ болуға, заң талаптарын сақтауға шақырды.
 
▪️Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Кездесу жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңға деген құрметін қалыптастыруға бағытталды.

Шиелі аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған