▪️Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде сот жүйесінде 43 жылдан астам уақыт абыройлы еңбек еткен құжат айналымы бөлімінің бас маманы Нұрахметова Несіпкүл Нақыпбекқызының құрметті еңбек демалысына шығуына орай салтанатты жиын өтті.
▪️Жиында Департамент басшысы М.Асанова сөз сөйлеп, Несіпкүл Нақыпбекқызының сот жүйесінің қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесін, кәсіби біліктілігі мен мол тәжірибесін, саналы ғұмырын сот саласына арнаған қажырлы еңбегін ерекше атап өтіп, адалдығы мен табандылығы кейінгі буынға үлгі екенін жеткізе отырып, көп жылғы мінсіз қызметі үшін алғысын білдіріп, құрметті еңбек демалысына шығуымен құттықтады.
▪️Жиын барысында Несіпкүл Нақыпбекқызымен ұзақ жылдар бойы бір ұжымда қызметтес болған әріптестері оның сот жүйесіндегі абыройлы еңбек жолы мен жауапкершілігін атап өтіп, ізгі тілектерін арнады.
▪️Өз кезегінде Несіпкүл Нақыпбекқызы еңбек жолын жастайынан сот жүйесінде бастағанын, оның қалыптасу мен даму кезеңдерінің куәгері болып, саладағы өзгерістер мен жаңғыру үдерістерін бастан өткергенін, өмірінің ең маңызды кезеңдері сот саласымен тығыз байланысты екенін атап өтіп, көп жылғы еңбегінің еленіп, түрлі марапаттарға ие болғанына ризашылығын білдіріп, әріптестеріне көрсеткен қолдаулары үшін алғысын жеткізді.
▪️Несіпкүл Нақыпбекқызы қызметтік міндеттерін мінсіз әрі адал атқарғаны Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Мінсіз қызметі үшін» медалімен, «Сот жүйесінің белсенді қызметкері» төсбелгісімен және өзге де көптеген марапаттарға ие болған.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі