Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша М.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

М. «А» сауда үйінің екінші қабатында жәбірленуші А.-дан қарыз ақшасын сұрап келіп, өзге сатып алушылардың көзінше айқай-шу шығарып, киімінен тартып, қолындағы телефонды қағып, жеке тұлғаға зәбірлеп тиісіп, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіретін әрекет жасаған.

Іс құжаттарына сәйкес, М.-ға  қатысты шара қолдану туралы әкімшілік құқық бұзушылық хаттамалармен, бейнежазбамен расталған.

Жәбірленуші сотқа арыз жолдап, онда  М.-ға кешірім бермейтінін, оған заң жүзінде шара қолдануды сұраған.

    Сот қаулысымен М. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып,  оған  51 688 теңге айыппұл  жазасы тағайындалды.

Қармақшы аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған