Облыстық телеарнанының басшысы қызметіне еңбек жолын жергілікті басылымдар мен аталмыш телеарнадан бастаған журналист  Нұрбек Әмиша тағайындалды. Сыр бойынан жинаған біліктілігін Елорда төрінде таныта білген ол жаңа қызметке дейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің баспасөз қызметін басқарған. Сонымен қатар, білімін шет елден толықтырып, «Болашақ» бағдарламасының негізінде «Саяси қатынастар магистрі» болды.

Айта кетейік, Нұрбек Амиша еңбек жолын «Халық», «Сыр бойы», «Айқын» газеттерінде тілші қызметінен бастады. «Қазақстан Қызылорда» телеарнасында редактор, «Хабар» телеарнасында бас редактор, «Bilim Media Group» компаниясы және Ұлттық аударма бюросында да редактор, «Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз хатшылығының басшысы, «СанАй пресс» ЖШСда бас директордың орынбасары, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы қызметтерін атқарған.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған