Облыс әкімі Н.Нәлібаевтың төрағалығымен өткен жиында аймақ басшысы Президенттің мемлекеттік аппарат қызметін оңтайландыру туралы тапсырмасына сәйкес облыс әкімі аппарат басшысының басқару жүйесіндегі мәртебесі мен рөлі күшейтілгенін хабарлады.

– «Өзгерістерге сәйкес облыс әкімі аппаратының басшылары «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінен мемлекеттік саяси қызметшілер санатына ауыстырылды. Оларға жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға жетекшілік жасау бойынша өкілеттіктер берілді.Осыған сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі негізінде облыс әкімінің өкімімен Байманов Шахмардан Асқарұлы облыс әкімі аппаратының басшысы мемлекеттік саяси лауазымына тағайындалды», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Мемлекеттік саяси қызметші ретінде Шахмардан Асқарұлы аппарат қызметіне басшылық жасаумен қатар, өңірдің қоғамдық-саяси саласына, оның ішінде қоғамдық даму, мәдениет және спорт, дін мәселелері басқармаларына жетекшілік етеді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған