"Ақмешіт ақшамы"

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Жергілікті әскери басқару органдарында оқу жылы қорытындыланды

Автор:QAA.kz

Ноя 30, 2022

Қызылорда гарнизонында Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті, басқармасы мен бөлімдерінің жеке құрамы қатысқан 2022 оқу жылын қорытындылау іс-шарасы өтті.Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің мәжіліс залында өткен шараға Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Ғалымжан Тасжанов басшылық етті. Отырыс барысында департамент офицерлері өздерінің бағыттары бойынша өткен оқу жылында атқарылған жұмыстардың талдауын жасап, қызмет барысындағы жетістіктер мен орын алған кемшіліктерге тоқталды.

2022 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанындағы қателіктерді ескере отырып, алдағы әскерге шақыру науқаны барысында осыларға жол бермеу мәселелері қаралды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 651-бабы «Азаматтарды мерзімді әскери қызметке және келісімшарт бойынша әскери қызметке заңсыз шақыру, оларға заңсыз кейiнге қалдыруды беру» бойынша баяндама жасалды.- Әр оқу жылының аяғында жергілікті әскери басқару органдарының атқарған істеріне қорытынды жасалынады. Бұл шара алдағы атқаратын жұмысымызға оң әсерін тигізері анық. Осы оқу жылының қорытындысына сай Байқоңыр қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі үздік атанса, екінші орын Жаңақорған, ал үшінші орын Қармақшы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне бұйырды, — дейді Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Ғалымжан Тасжанов.Жыл бойына жақсы қызмет етіп, үздіктер қатарынан көрінген қорғаныс істері жөніндегі басқарма мен бөлімдер және жеке лауазымды тұлғалардың еңбегі бағаланып алғыс хаттармен марапатталды.Жиын соңында департамент бастығы жергілікті әскери басқару органдары өкілдеріне алдағы уақыттағы қызметтеріне сәттілік тілеп, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды дұрыс ұйымдастыру бойынша ауқымды тапсырмалар берді.

Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығылейтенант Мұхит Қонаров

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика