Қауіпсіздік шаралары жөнінде сабақтар өтті

Қызылорда гарнизоны Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері әскери бөлімінің жеке құрамымен жаңа оқу жылы алдындағы қауіпсіздік шаралары жөнінде тәжірибелік сабақтар өткізілді.Әскери бөлім аумағында қауіпсіздік шараларын жеткізу бойынша оқу орындары құрылып, арнайы құралдармен жабдықталды. Сабақ жетекшілері жеке құраммен теориялық және тәжірибелік сабақтар өткізді. Алғашқы медициналық көмек көрсету, жанар-жағар май материалдарымен жұмыс жасау, қаруды дұрыс қолдану, дене дайындығы және шаруашылық жұмыстарды жасау мен өртке қарсы кезіндегі қауіпсіздік шаралары таныстырылды. Жаңа оқу кезеңіндегі техникаларды пайдалану ерекшеліктері мен қызмет көрсетудің тәртібі түсіндірілді.Әскери бөлімдердегі жаңа оқу кезеңі алдындағы өтетін қауіпсіздік шаралары бойынша тәжірибелік сабақтардың негізгі мақсаты, жеке құрамның өмірі мен денсаулығын сақтау, әскери қызмет қауіпсіздігін құру болып табылады.– Жоспарға сай өтіп жатқан қауіпсіздік сабақтары жеке құрам үшін өте маңызды. Әскери қызметші бөлімде жұмыс жасау кезінде немесе отбасында кез келген қауіптің алдын алуға дайын болуы керек. Осы сабақтар барысында алған білімін күнделікті тыныс-тіршілікте қолданады деп білемін, – дейді әскери бөлім командирі капитан Жанболат Әкенов.Қарулы күштерде жоспар бойынша жаңа оқу жылының алдында әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында қауіпсіздік шаралары сабақтары өткізіліп тұрады.

Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы, лейтенант Мұхит Қонаров

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған