Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы ескертеді!

«Қысқы мұз астындағы балық аулау кезінде қарапайым қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаңыз»

Қысқы мұз асты балық аулауды жақсы көретіндерге балық аулауға шығар алдында туған-туысқандарыңызға, достарыңызға өз бағыт бағдарыңыз және шамамен қай кезде келетініңізді айта кеткен жөн. Өзіңізбен бірге зарядталған ұялы телефонды да бірге ала жүріңіз. Ерекше көңілді қысқы мезгілде су айдынына шыққан кезде құтқару құралдарының болуына назар аударыңыз-бұл ыңғайлы сабы бар екі ұшталған металл істік. Бұл құтқару құралының саптары бір-бірімен бір жарым метрдей жіппен байланысқан. Егер де балықшы мұз астына батып кеткен болса, осындай құралдар арқылы күшпен оны мұзға қадау арқылы өз бетінше мұздан шыға алады.

Сонымен қатар мұздың қалыңдығы және беріктігі барлық жерде біркелкі емес. Жағада, ағысты жерлерде, өзендердің қосылу және олардың көлдерге құйылу жерлерінде, иілім жерлерде, өзен айналмасы, мұзға қатқан затардың маңайында мұз жұқа болып табылады. Сонымен қатар жұқа мұзбен және қармен жабылған жылымдар, ойықтар, жарықтар, шұңқырлар қауіп-қатер туғызады. Аталған профилактикалық іс-шаралардың өткізілуі азаматтарға демалыстарын дұрыс ұймдастыруға, сонымен қатар бақытсыз жағдайларды азайтуға мүмкіндік береді.

Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау және қарапайым сақтық ережелерін сақтау — Сіздің қауіпсіздігіңіздің негізгі кепілі.

Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты С.Сейтжағыпар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған