Бүгін «AMANAT» партиясы аймақтық және аумақтық филиалдары жанындағы мониторингтік топтары мүшелерімен сауда орындарындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына кезекті бақылау жұмыстары жүргізілді. Өңірлік топ облыс орталығындағы Сырдария және Ажар Сити сауда үйлеріндегі бағаны бағамдады.
Зерделеу барысы көрсеткендей азық-түлік қоры жеткілікті, кейбір өнімдер бойынша бағаның төмендеуі бар. Дегенмен негізгі тауарлар бағасын тұрақты ұстау мәселесі кәсіп иелеріне түсіндіріліп, сауда жасаушылармен де сұхбаттар жүргізілді.
Сонымен бірге сауда үйлеріндегі әлеуметтік бұрыштар жұмысы, нан мен көкөністердің бағасы және сапасы ерекше назарда ұсталуда. Осыған орай өткен аптада ұйымдастырылған жиын қорытындысы бойынша тиісті мекемелерге жолданған ұсыныстарда кейбір ірі сауда орындарында әлеуметтік бұрыштардың болмауына орай «Байқоңыр» ӘКК бірлесіп негізгі азық-түлік өнімдерінің халыққа қолжетімділігін арттыру мақсатында аймақтағы барлық сауда үйлерімен қажетті меморандумдар жасау мен азық-түлік бағасын тұрақтандыру бағдарламасы шеңберінде қаладағы ірі сауда үйлерінде әлеуметтік сауда нүктелері мен олардағы өнімдер түрін көбейту мәселесіне басымдық берілді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған