Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Әскери-техникалық мектебінің» Қызылорда қаласындағы филиалының курсанттары оқу жоспарына сай Әскери ант беру алдында қарудан кезекті оқ атуларын өткізді.Қызылорда гарнизонындағы «Тереңөзек» оқу-жаттығу полигонында алғашқы оқ атуларын сәтті аяқтаған курсанттар екінші атыстарын да тәмәмдады. Әскери мектептің курсанттары алған білімдерін атыс алаңында шыңдап, ант беру рәсіміне дейін екі мәрте қарудан оқ ату іс-тәжірибесінен өтеді. Әскери теориялық сабақтарды игеріп, тәртіпке бой алдыра отырып тактикалық даярлықты жете меңгерген сарбаздардың екінші атыстағы көрсеткен нәтижелері алғашқысына қарағанда анағұрлым жақсы. Алдағы екі күннен соң ант беру рәсімінен өтетін сарбаздардың қуаныш сезімдері ерекше.- Оқу-жаттығу полигонына бірінші рет қарудан оқ атуға келгенде аз-маз қобалжу болғаны рас. Ал, қазір олай емес, алғашқыдан да жоғары нәтиже көрсетуге сенімім мол. Қару атудағы шеберлік теориялық сабақтарды дұрыс меңгеруге байланысты деп ойлаймын, – дейді Қызылорда қаласы әскери-техникалық мектебінің курсанты Әмитжан Тасболат.Қызылорда қаласы әскери-техникалық мектебі қысқа мерзім аралығында қарумен оқ атудан басқа да көптеген әскери өмірдің қыр-сырын меңгеретін мүмкіндіктер беруге дайын.

Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы, лейтенант Мұхит Қонаров

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған