Бүгiн «Достық үйiнде» ҚР Денсаулық сақтау вице министрi Мұратов Тимур Мұратұлының қатысуымен инвестициялар платформасы шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмекке денсаулық сақтау саласына әсер ететiн инвестицияларды нығайту жолымен ауыл тұрғындарын денсаулық сақтау қызметтерiмен қамтуды жеделдету тақырыбында дөңгелек үстел өткiзiлдi.

Жиынға Қызылорда облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Жаналинов Данияр Еренғалиұлы, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қуанышбаев Бауыржан Мұратбекұлы және медицина саласының қызметкерлерi қатысты.

Вице министр қатысуымен өткiзiлген отырыста ағымдағы олқылықтарды, кадрлар мен тәуекелдерді бағалауды, инвестициялық басымдықтар мен медициналық санитариялық алғашқы көмек (МСАК) объектілерін инвестициялық дамыту стратегиясын айқындауды, сондай-ақ денсаулық сақтаудың нормативтік-құқықтық актілер (НҚА) және нормативтік-техникалық құжаттамаларды (НТҚ) жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуді қоса алғанда, «Денсаулық сақтауға инвестициялар / Health Impact Investment Platform (HIIP)» платформасының жобалық ұсынысына сәйкес Қызылорда облысының МСАК инфрақұрылымын дамыту бойынша талдамалық есептер талқыланды.

Одан соң Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Қазақстандағы Елдік офисі жетекшісі Скендер Сыланың бейнеқұттықтауы көрсетiлiп, шара одан әрi «Денсаулық сақтауға инвестициялар» HIIP платформасы шеңберінде алғашқы медициналық-санитариялық көмекті нығайту арқылы ауылдық қауымдастықтар үшін денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамтуды жеделдету жобасы, Қызылорда облысындағы МСАК инфрақұрылымының олқылықтары мен қамтылуы, тәуекелдер, инфрақұрылым, кадрлар және МСАК инвестициялық басымдықтары және Қызылорда облысының МСАК объектілерін инвестициялық дамыту стратегиясы тақырыптарындағы баяндамаларға жалғасты.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған