Нашақорлық– бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіретін індет. “Жастар рухы” жастар қанатының бастамасымен республика бойынша бастау алған «Есірткіге жол жоқ» жобасы аясында Қызылорда облысының Полиция департаменті Есiрткi қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілдері, қалалық маслихат депутаттары мен кеңес мүшелерінің қатысуымен профилактикалық іс-шаралар тұрақты өтуде. Профилактика аясында кәсіпкерлерге адамның қабылдауы мен бейнеқосылғыларына бейсаналық әсер ететін, оның психотроптық заттар мен прекурсорларға деген қызығушылығын қалыптастыратын немесе қолдайтын суреттері мен жазулары бар заттарды сатуға тыйым салынатындығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Айта кетейік, нашақорлық мәселесінің алдын алу бойынша іс-шара жұмыстары аудан орталықтарындада ұйымдастырылды. Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесе жүргізілен профилактикалық жұмыстар нәтижесінде Жастарды қолдау жөніндегі облыстық кеңесітің арнайы хаттамалық ұсыныстары әзірленіп тиісті мекемелерге жолданды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған