Мәслихат депутаттарының сайлауымен тұспа-тұс келген ерекше күні аудандық ауруханада дүниеге келген нәрестелердің аналарына құрмет көрсетілді.Аудандық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Нысанбаев жас аналарды қуанышты сәттерімен арнайы құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Сонымен қатар сәбилердің дүниеге келуіне орай аналарға арнайы сыйлықтар табысталды.