Сырдария ауданында №165 сайлау учаскесінде күріш өсірумен айналысатын еңбек адамдары Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауында өз азаматтық таңдауын жасауға белсенді қатысты.Егіс алқабындағы тынымсыз жұмыстан уақыт тауып, сайлау учаскесіне келген күрішшілер дауыс беріп, елді мекеннің алдағы дамуына қатысты өз таңдауын білдірді. Еңбек адамдары үшін елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ауыл шаруашылығы саласының өркендеуі айрықша маңызды.Сырдария өңірінің негізгі тіршілігі мен берекелі кәсібінің бірі – күріш шаруашылығы. Жыл сайын егіс алқабында маңдай терін төгіп, ауданның ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосып жүрген диқан қауымының сайлау процесіне белсенді қатысуы олардың қоғамдық өмірге деген жауапкершілігін көрсетеді.Күрішшілердің еңбекпен қатар азаматтық міндетін де қатар алып жүруі – ел өміріне бейжай қарамайтын еңбек адамдарының белсенді азаматтық ұстанымының жарқын көрінісі.Мәслихат депутаттарын сайлау арқылы тұрғындар өз өңірінің дамуына ықпал ететін өкілдерді таңдауға мүмкіндік алады. Сондықтан еңбек адамдарының сайлауға белсенді қатысуы – ел болашағына деген жауапкершіліктің маңызды көрінісі.