Мәслихаттар депутаттарының сайлау күні дауыс беруші азаматтар үшін бірнеше платформалар іске қосылған. Соның бірі – тізімде мүлдем жоқ азаматтарды уақытша тіркеу. Қызылорда қаласында 5 арнайы учаске жабдықталған. Мұнда Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары жұмыс жасауда. Яғни дауыс берушілер тізімінде жоқ азаматтарды уақытша тіркеп, оларға дауыс беруге жағдай жасап отыр.- Біздің учаскеде онлайн сервис арқылы азаматтар уақытша тіркеліп, дауыс берді. Жеке куәлігін көрсету арқылы мүлдем тіркеуде болмаған азаматтар онлайн сервис көмегімен уақытша тіркелуде,-деді №266 учаскелік комиссия төрағасы.Айта кетейік, өңірде 9 аумақтық, 136 округтік, 386 учаскелік сайлау комиссиясы бар. Аймақта 193 онлайн сервистері бар учаскелер бар.