Сырдария ауданында тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханасы бар «Руханият» орталығының іргетасы қаланды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Сырдария ауданында «Руханият» орталығының іргетасын қалау рәсімі өтті. Аймақ басшысы жаңа нысанның салыну мақсаты, ұрпақтар сабақтастығын сақтауда атқаратын қызметі туралы айтып, Сырдария ауданының даму динамикасына тоқталды.

– Сыр елінің жауһар жәдігерлерін сақтап, келер ұрпаққа жеткізуге, жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеуге және тәуелсіздіктің қасиет-құндылығын ұғындыруға әрбіріміз жауапкершілікпен қарауымыз қажет. Осы жұмыстарды жүйелі әрі тұрақты негізде, бір орталықтан жүргізу мақсатында барлық 7 ауданда музей, кітапхана, архив, неке қию залы, ардагерлер және аналар, жастар орталықтарын біріктіретін, типтік үлгідегі «Руханият» орталықтарын салу туралы бастама көтеріп, шешім қабылдадық. Бұл – әртүрлі бағытта қызмет көрсететін мекемелерді бір орталыққа оңтайландыру арқылы бюджет қаражатын үнемдеуге, әкімшілік шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін тың жоба. Іргетасы қаланатын нысан Сыр руханиятына қалтқысыз қызмет ететін, алдыңғы буынның өмір жолын ұлықтап, жас ұрпақты тәуелсіздік рухында адал еңбекке, ізгілікке үндейтін нағыз руханият ордасы болсын!», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Барлық ауданда бой көтеретін «Руханият» орталықтарындағы кітапханалар тәулік бойы жұмыс істейтін болады.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған