Қызылорда қаласының тұрғыны К. есімді әйел өзінің көлігін басқарып келе жатып, бұрылу барысында жасөспірім жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан кетіп қалған.

         Орын алған оқиға салдарынан кәмелетке толмаған 10 жастағы қыз баланың денсаулығына жеңіл дәрежеде зиян келген. Осы құқық бұзушылық әрекеті үшін әйел әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен кінәлі деп танылып, оған 85 764 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған.   

          Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен аталған сот қаулысы өзгертіліп, әйел 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған.

       Сонымен бірге, әйел жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен кінәлі деп танылып, 107  205 теңге айыппұл салынған.

      Жасөспірімнің әкесі жол-көлік оқиғасынан қызының қорқып қалғанын, психологтың қарауында болғанын, қорқыныш сезімі пайда болып, түнгі уақытта жиі оянып кететінін, ауырсынуына байланысты емханаға көрінгенін, қызын уайымдағаннан өзінің қант диабеті ауруы асқынып, ем алуға мәжбүр болғанын көрсетіп, моральдық зиян өндіруді сұрап, Қызылорда қалалық сотына жүгінген.

Қалалық сот жол-көлік оқиғасын жасаған әйелден моральдық зиян өндіру туралы шешім шығарған.

Әйел сот шешімімен келіспей, апелляциялық шағым берген. Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бірінші саты сотының шешімін өзгеріссіз, апелляциялық шағымды қанағаттандырусыз қалдырды.  Осылайша, жасөспірімнің әкесінің пайдасына 1 000 000 теңге моральдық зиян өндірілді.

Баланың мүддесін қорғау заңнамалармен қарастырылған. Олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына және қандай да зиян келтіруге жол берілмейді. Осы тектес және өзге де құқық бұзушылықтардың барлығына заң нормаларына сәйкес жауаптылық  көзделген.

             Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған