Жапон елінде кешегі жексенбіде дәстүрлі “Наки Сумо”, яғни жылауықтар сумасы” фестивалі өтті.

Жасқа жетпеген балаларды айқайлап, бетперде киіп қорқытып жылатып жарыстырады. Жапондар сенімі бойынша баланың жылағаны жаман ниетті ібілістерді шошытады. Бала неғұрлым қатты жылаған сайын құдай да ол балаға қуат, денсаулық береді, өскенде табысқа кенеледі.

Ортаға шыққан екі сумо қолдарына бала алып шығады. Бір-біріне қарсы тұрып, қолдарындағы баланы қалай болғанда да жылатуға әрекет етеді. Тіпті, жапонның қорқынышты бетперделерін де пайдаланады.

Ең бірінші және қатты жылаған бала жеңімпаз болып танылады.

Фестивальға 100-ге жуық бала қатысқан. Жапон елінде бұл дәстүр 400 жылдан бері жалғасып келеді екен. Жыл сайын көктемде өтеді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған