Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласына қарасты Баймұрат батыр ауылындағы ауысымына 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның ашылу рәсіміне қатысты.

Аймақ басшысы ауыл тұрғындарын жаңа нысанның пайдалануға берілуімен құттықтап, денсаулық сақтау саласындағы келелі істерге тоқталды.

– «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы денсаулық сақтау саласына айрықша көңіл бөліп, халыққа арнаған Жолдауында «Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды» деген еді. Өздеріңіз білесіздер, көпбейінді облыстық аурухана базасындағы магнитті-резонанстық томография, яғни МРТ аппараты бұзылып, 2016 жылдан бері осы құрал-жабдық болмады. Біз бұл мәселенің шешімін табу үшін бюджеттен қаржы бөліп, биыл 646 млн теңгеге аталған аппаратты алдық. Облыстық перинаталдық орталықтың жүктемесін азайту, жас аналардың медициналық көмекке қолжетімділігін арттыру үшін 1 млрд теңгеге 70 орындық перинаталдық бөлім жасақталды. Бұл – халық денсаулығын жақсарту бағытындағы жұмыстардың бір бөлігі ғана», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Іс-шарада Денсаулық сақтау ісінің үздігі Тұрғанбай Маханов жерлестерін құттықтап, игі тілегін білдірді. Сондай-ақ, мердігер мекеме өкілдері мен ауыл азаматтары марапатқа ие болды.

Амбулатория құрылысын «Бақ-Береке – 2030» ЖШС салды. Құрылыс өткен жылдың шілде айында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде басталған. Амбулаторияда 9 қызметкер, яғни, 1 дәрігер, 5 орта буын және 1 кіші буын медициналық қызметкер, 2 техникалық қызметкер бар.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған