А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде мемлекеттік қызметшілер арасында «Qyzylorda Qyzmet Cup» кубогына өткізілген облыстық футбол чемпионатының жеңімпаздарын мапараттау рәсімі өтті.

Тартысты өткен чемпионаттың қорытындысы бойынша Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің командасы І орын иеленіп, чемпион атанды.

Сонымен қатар, ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Ш.Аманқұлов «Үздік қақпашы» номинациясымен, бас маман-сот отырысының хатшысы Д.Махамбетов «Үздік сұрмерген» номинациясымен марапатталды.

 Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облысы бойынша Департаментінің басшысы Е.Мендалиев қатысушыларды жеңістерімен құттықтап, арнайы кубоктар мен Алғыс хаттар табыстады.

Әріптестерімізді спорттық додадағы жарқын жеңісімен құттықтаймыз! Бағындырар белестеріңіз көп болсын!

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған