Жыл сайын Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты №68 мекемесінде дәстүрлі түрде ең жарқын мерекелердің бірі – Қазақстан халқының бірлігі күні атап өтіледі. Бұл 130-дан астам ұлт өкілі тұратын елде бейбіт өмір сүру үшін қажетті достық, түсіністік пен келісім мерекесі.

          Осы орайда, №68 мемлекеттік мекемесінде жасақ бастығы әділет лейтенанты Р.Әлмаханның ұйымдастыруымен шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталған азаматтар арасында «Бірлік-татулық мекені» тақырыбында іс-шара өтті.

          Бұл шарада сотталған азаматтар бір-біріне жылы лебіздерінің білдіріп, жазасын өтеуші азаматтар болсада бір шаңырақтың астында татулық пен ынтымақтастықпен өмір сүруде. Осы негізде ақпараққа қолдарын бояу арқылы өздерінің алақандарнының іздерін қалдырып, жатақхана қабырғасына ілді.

          Шара соңында сотталғандар бірлік пен татулықтың белгісі ретінде бір-бірімен құшақтасып, ізгі тілектерін, ыстық ықыластарын арнады.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған