Қазіргі таңда елімізде ерекше күтімді қажет ететін балалардың қоғамда тең мүмкіндікке ие екенін сезіндіру, ортаға бейімделуіне жағдай жасау мақсатында  «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған бағдарламаcында ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қамқорлыққа алу, олардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға айрықша көңіл бөлінген.

   «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру шеңберінде  4 басымдық белгіленген. Соның екінші басымдығы – инклюзивті білім беруге жәрдемдесу болып табылады.

   Осыған орай «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында ұйымдастырылған «ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР» спорт фестиваліне қалалық білім бөліміне қарасты 6 аймақтан 16 білім беру ұйымдарының 18 командасынан 54 оқушы қатысты.

Спорт фестиваліне «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлшат Исақызы Мұсаева мен партияның қалалық филиалының депутаттық фракция жетекшісінің орынбасары, «Кедергісіз келешек» жобасының Қызылорда қаласы бойынша жетекшісі Раушан Жәдігерқызы Ысқақова қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.

– «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында «Тең мүмкіндіктер» қалаішілік спорттық шарасы өткізілді. Бұл «AMANAT» партиясының еліміз бойынша бастамасы. Сәуір-мамыр айында осындай спорттық шаралар өңірімізде өткізіледі. Қалалық деңгейде жеңімпаз атанғандар облыстық деңгейге өтеді. Ал облыстық деңгейде жеңіп шыққандар Республикалық деңгейге жолдама алады,-деді Гүлшат Мұсаева.

Екі кезеңнен тұратын спорт фестивалінде ересек және кіші санаттағы командалар бақ сынады. Сайыс     «Біз жеңімпаз боламыз!» және «Жеңіл атлетика» деп аталатын 2 тур бойынша өтті.

«Біз жеңімпаз боламыз!» бағдарламасы бойынша ересек топтардан:

1 орын – № 268 мектеп-лицейі;

2 орын – №280  орта мектебі;

3 орын – М. Сужиков атындағы №6 орта мектебі иеленді.

Кіші топтар арасынан аталған сайыс бойынша:

1 орын – №218 орта мектебі;

2 орын – №282 мектеп- лицейі ;

3 орын – Ғ. Мұратбаев атындағы №171 мектебінен қатысқан топ иеленді.

«Жеңіл атлетика» бағдарламасы бойынша ересек топтар арасында:

1 орын – Т. Рысқұлов атындағы №222 мектебі;

2 орын – №218 орта мектебі;

3 орын – №2 Абай атындағы мектебі иеленді. 

Аталған бағдарлама бойынша кіші топтар арасында:

1орын – Ж.Махамбетов атындағы №43 орта мектебі;

2 орын – С. Әлжіков атындағы №144 орта мектебі;

3 орын – Б. Ермекбаев атындағы №271 орта мектебі иеленді.

 «ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР» фестивалінен бірінші орын иеленген топтар сайыстың облыстық кезеңіне жолдама алды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған