Шаһар басшысы Ақжарма ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, талап тілектерін тыңдады. Баймұрат батыр ауылына жол белгілерін орнату үшін қалалық бюджеттен 1,3 млн.теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша жеңімпаз анықталды. Жол белгілері ағымдағы жылдың қазан айында толық орнатылатын болады. Ақжарма ауылдық округіне 5 аялдама орнату мақстатында облыс тық бюджеттен 6,3млн. теңге қаржы қаралып, бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес конкурс жарияланды.

Ақжарма ауылдық округіне де ерекше көңіл бөлініп, жылдар бойы өзекті мәселе саналған дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталды. Бүгінде нысан аумағында қызу жұмыстар жүруде. Жоспар бойынша амбулаторияны жыл соңына дейін табыстау көзделуде.

Қала әкімімен кездесуде тұрғындар ең қажетті шаруаның шешімі табылғанына алғыс тарын білдірді. Бұл елді мекенде мұнан да бөлек ауқымды жобалар жүзеге асуда. Яғни, инженерлік-инфрақұрылым дамып, жаңа аялдамалар, жарық бағаналары орнатылуда.

– Ауылымызда ең өзекті шешілмей келе жат қан мәселе бұл жарық. Дауыл тұрса тозығы жеткен сымдардың бәрі үзіліп кетеді. Бұл сұраққа қала әкімі алдағы уақытта жарық мәселесі шешілетін болады деп жауап берді,-деді Ақжарма ауылдық округінің тұрғыны Ізтілеуов Есентай.

– Ақжарма ауылдық округінде ойын алаңы салынды. Балаларымыз риза. Балаларымызға қарап үлкендер риза. Жол мәселесі шешіліп жатыр. Енді біздің көптен күткен қуанышымыз бұл дәрігерлік амбулаторияның ашылуы. Жыл аяғына дейін дәрігерлік амбулатория ел игілігіне берілсе ел болып алғысымызды айтар едік,-деді зейнеткер ұстаз Мереке Асанбаева.

P.S. ЖАҚСЫ ІСКЕ ЕЛ ДЕ ЫРЗА, ӘКІМ ДЕ РИЗА…

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған