Шаһар басшысы Талсуат елді мекенінің тұрғындарымен кездесіп талап-тілектерін тыңдады. Қазіргі таңда республикалық, облыстық және қалалық бюджет есебінен 138,6 млн. теңгенің жұмыстары атқарылуда.

Ауылдағы Ақтөбе көшесіне түнгі жарық бағаналарын орнатуға қалалық бюджеттен 1,9 млн. теңге бөлініп, жұмыс толығымен аяқталды.

А.Құнанбаев көшесіндегі балалар ойын алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстарына 2,2 млн. теңге қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Ауылда 8 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыс бюджеттен 65,1 млн. теңге қаржы қаралып, жол жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Ауылдық округіндегі Сығанақ көшесіне қиыршық тасжол құрылысына жобалау-сметалық құжат әзірленуге 0,5 млн. теңге қалалық бюджеттен бөлінді. Ауылдық округіндегі көшелерге жол белгілерін қою жұмыстарына 0,5 млн. теңге қалалық бюджет тен бөлінді.

Қызылорда қаласы, Талсуат ауылдық округіндегі Атырау, Орынбор, Алматы, Астана, Ақмешіт, Қазалы, Жанкент, Сейхун, Ақтау, Сығанақ, Сырдария, № 7 және № 6 көшелерін электрмен жабдықтау құрылысы жобасына республикалық бюджеттен 58,7 млн. теңге бөлініп, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Тұрғындар тарапынан су мәселесі көтерілді. Асылбек Шаменов бұл сұраққа жауап беріп тиісті мамандармен шешілетінін жеткізді. Шаһар басшысы тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, мәселелер шешілетіндігін жеткізді.

P.S. СУҒА ЖАРЫМАҒАН ЕЛ ӘКІМДІ СУ ҚҰДАЙЫНДАЙ КӨРЕДІ…

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған