Жемқорлықпен қоғам болып күресу- заң бұзушылыққа бармаудың бірден – бір тетігі. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»Заңның 23- бабында жұртшылықтың (жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де заңды тұлғалар) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылға қатысу жөнінде кеңінен айтылған. Мысалы: Заң бойынша жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де заңды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнама мен құқық қолдану практикасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізе алады. Бұл нағыз өркениетті мемлекет қалыптастыру.
Мемлекеттік қызмет саласындағы бірден бір ұстанымыз-сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидасын ұстану болса, заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, халық ақпараттану үшін баспасөзде кеңінен ақпараттық материалдар жариялау қоғамдық жариялық деп түсінемін.
«Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде заң талаптарын сақтау, бұзбау, алдын-алу бағытында тоқсан сайын заңдық түсіндірме сағаты, сонымен қатар жылына екі рет ішкі талдау жұмыстары жүргізіледі. Есептегі уақытта сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі тіркелмеген.
Е.С.Ахметов
Ақтоған ауылдық округі әкімі