Байқауға кәсіби және әуесқой фотографтар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан мен шетелдің шығармашылық өкілдері қатыса алады.

Конкурсқа арналған жұмыстар төмендегі үш номинация бойынша қабылданады:

1. «Заң мен тәртіп — қауіпсіз балалық шақтың кепілі»

2. «Цифрлық қауіпсіздік: қоғам тыныштығын күзететін заманауи технологиялар»

3. «Таза Қазақстан: тәртіп тазалықтан басталады»

Жұмыстарды қабылдау 2026 жылғы 10 маусымға дейін жалғасады.

Жұмыстар электрондық пошта арқылы қабылданады: Polisia.kz@bk.ru

Қатысу талаптары:

Бір қатысушыдан 3 фотосуретке дейін қабылданады;

Жұмыстар JPEG форматында қабылданады;

Сапасы кемінде 5 MP, 300 dpi болу керек;

Әр фотосуретке тиісті номинация көрсетілген қысқаша сипаттама қоса берілуі қажет.

Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған