Сіздерді 19 сәуір күні аймағымызда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында өтетін «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым» атты жалпыхалықтық тазалық акциясына қатысуға шақырамыз!Туған жердің әрбір қасиетті орны ұрпаққа аманат. Сол аманатқа адал болу бәріміздің ортақ парызымыз.
Өңіріміздегі тарихи-мәдени ескерткіштерді, киелі орындар мен қорымдар аумағын таза ұстап, өскелең ұрпаққа үлгі болайық.Барша сырбойылықтар ата-баба рухына тағзым ететін ортақ іске үлес қосып, маңызды шараға белсенділікпен қатысады деп сенеміз!