Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатын өткізді.
Баспасөз мәслихатында ауданның 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы кезеңге жоспарланған негізгі жобалар таныстырылды.
Аудан әкімі өнеркәсіп, инвестиция, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, құрылыс, тұрғын үй, жол және инженерлік инфрақұрылым салаларындағы оң көрсеткіштерге тоқталып, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалар мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы баяндады.
Сонымен қатар, елді мекендерді газдандыру, жол құрылысы, инфрақұрылым, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, электр желілерін жаңғырту, білім беру нысандарын жаңарту, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде кеңінен ақпарат берілді.
Брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріліп, ауданның алдағы даму жоспарлары мен басым бағыттары жан-жақты баяндалды.