Banner

Құрылтай сайлауына орай Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясының отырысында саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарына куәліктер табысталды.

Комиссия «Respublica» партиясы, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы, «Қазақстан Халық партиясы» және «Әділет» саяси партияларының Қызылорда облысы бойынша филиалдары тарапынан ұсынылған сенім білдірілген адамдарын тіркеу туралы мәселелерді қарады.

Комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселені алқалы түрде қарап, тиісті қаулы қабылдады.

Қабылданған шешімнің негізінде партиялардың сенім білдірілген адамдарына белгіленген үлгідегі куәліктер берілді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған