Қызылорда облысы әкімі Мұрат Ергешбаев Жалағаш және Сырдария аудандарындағы теміржол қызмет көр­сету пункттерінің құрылыс барысымен танысты.

Жалағаш станциясы арқылы тәулігіне 5 жұп, яғни 10 жолаушылар пойызы өтеді. Аудан аумағындағы 47 шақырым теміржол бойында 2 станция және 1 разъезд орналасқан. Нысан құрылысына 708 млн. теңге бөлінген.

Бүгінге дейін ғимараттың іргетасы құйылды, цемент-бетон блоктары монтаж­далып, кірпіші қаланды. Ішкі қабырғаларды сылау және электр желісін монтаждау жұмыстары да аяқталған.

Қазір сыртқы қабырғалары қапталып, бөлмелері әрленуде. Еденге керамикалық тақтайша төсеу, аспалы төбе орнату, пер­ронның тіреу қабырғаларын дайындау және монтаждау қатар жүріп жатыр. Жалпы жоспарланған жұмыстың 65 пайызы орын­далды.

Құрылыс аяқталғаннан кейін аумақты абаттандыру «Р и А Сервис ЛТД» серіктестігінің демеушілігі есебінен жүргізіледі. Осы кезде жолаушыларға қолайлы болу үшін күту залы және кассалар теміржол пункті жанындағы ғимаратқа уақытша орналастырылған.

Тереңөзекте де жаңа теміржол қызмет көрсету пункті бой көтеріп келеді. Оған 669,5 млн. теңге қаралған. Қазір нысанда гранитпен қаптау, ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр.

Вентиляция жүйесі, перронның тіреу қабырғаларының негізі тегістеліп дайындалуда, арматура тоқу, опалубка орнату және бетон құю да қарқын алған.

Қызылорда облысы аумағынан 1051 шақырым теміржол желісі өтеді. «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компа­ния­сына қарасты Қызылорда, Жаңа­қорған, Шиелі, Жосалы, Төретам, Қазалы, Арал теңізі, Сексеуіл вокзалдары, Терең­өзек және Жалағаш қызмет көрсету пункттері жұмыс істейді.

Өткен жылдан бері Мемлекет басшы­сының тапсырмасымен республика көле­міндегі 124 вокзалды, олардың аумақ­тарын күрделі жөндеу және абаттандыру қолға алынды. Бұл тізімге Қызылорда облысындағы 7 теміржол вокзалы, 2 қызмет көрсету пункті және Талап бекетіндегі платформа енгізілді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған