▪️Қызылорда облыстық сотының төрағасы Ә.Шығамбаев Шиелі ауданында жеке қабылдау өткізді.
▪️ Жеке қабылдау барысында тұрғындар шартты жер үлестеріне қойылған тыйым, жер учаскелерін мемлекеттік жер кадастрына тіркеу, келтірілген залалды өндіру, мүлікке меншік құқығын тану, жеке сот орындаушыларының әрекеті мен заңды күшіне енген сот актілерінің орындалуына қатысты сауалдарын қойды.
▪️Тұрғындарға көтерілген мәселелер бойынша заң талаптары аясында түсіндірмелер берілді.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі