▪️Арал аудандық сотында азамат Е.-ге қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 147-1-бабының 1-бөлігі бойынша (бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
 
▪️Анықталғандай, Е. жәбірленуші А.-ның тұрғын үйінің терезесін сындырып, бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру әрекетін жасаған.
 
▪️Е.-ның құқық бұзушылық әрекетіөзінің түсінігімен және іс құжаттарымен бекітілген.
 
▪️Сот отырысында жәбірленуші орын алған оқиғаны растаған.
 
▪️Сот қаулысымен Е. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып,  оған 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалған.

Арал аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған