Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауы күні Талсуат ауылдық округінде ұлттық құндылықтарды дәріптеген тағылымды рәсіммен басталды. Дауыс беру процесі басталар алдында №234 сайлау учаскесінде еңбек ардагері, ауыл ақсақалы Жүніс Жанәлі Пірназарұлы жиналған жұртшылыққа ақ батасын берді.Ақсақал елдің амандығы мен тыныштығын, халықтың бірлігі мен ынтымағын тілеп, ізгі ниетін білдірді. Қазақ халқы үшін ақ бата – ұрпаққа өнеге, елге тілек, береке мен татулықтың белгісі. Осылайша, маңызды қоғамдық науқанның алғашқы сәттері халқымыздың байырғы дәстүрімен сабақтасты.Бата беру рәсімінен кейін сайлау учаскесінде дауыс беру жұмыстары өз жалғасын тапты. Таңертеңнен бастап тұрғындар учаскеге келіп, өз таңдауларын жасауда. Сайлаушылардың белсенділігі олардың ел өміріндегі маңызды қоғамдық үдеріске бейжай қарамайтынын және азаматтық жауапкершілігін сезінетінін көрсетеді.Қазақ халқының дәстүрінде ақ бата беру – ізгі тілек пен ақ ниеттің, ел бірлігі мен ынтымағының көрінісі. Осы ретте Талсуат ауылында дауыс беру процесінің ақсақал батасымен басталуы сайлау күнінің мазмұнын ұлттық дәстүрмен сабақтастыра түсті.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған