Мәслихат депутаттарын сайлауы күні Жаңақорған ауданындағы сайлау учаскелерінде тұрғындардың азаматтық белсенділігі байқалуда. Елдің қоғамдық-саяси өміріне бейжай қарамайтын азаматтар өз таңдауын жасап, дауыс беруге белсенді қатысуда.Солардың қатарында «Жаңақорған тынысы» газетінің бас редакторы Баян Үсейінова да бар. Ол сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.Бас редактор бұл науқанның ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтіп, тұрғындарды азаматтық жауапкершілік танытып, қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді араласуға шақырды.Сайлау күні аудан тұрғындары үшін дауыс беру учаскелеріне баруға барлық жағдай жасалған.