Сырдария ауданы, №156 сайлау учаскесінде тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық және республикалық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерін тәрбиелеген Елеусин Білімжан Мектепханұлы Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады.Ұлттық спортты дамытуға және жас ұрпақты тәрбиелеуге елеулі үлес қосып жүрген тәжірибелі жаттықтырушы сайлау учаскесіне келіп, азаматтық міндетін орындады.Дауыс беру рәсімінен кейін журналистерге қысқаша сұхбат берген Елеусин Білімжан Мектепханұлы мәслихат депутаттарын сайлаудың жергілікті қоғам үшін маңызы зор екенін атап өтті. Оның айтуынша, әр азамат өз таңдауын жасап, елді мекеннің дамуына қатысты шешімдерге өз үлесін қоса алады.– Әр азаматтың дауысы маңызды. Бүгін өз таңдауымды жасап, азаматтық борышымды орындадым. Мәслихат депутаттары халықтың ұсыныс-пікірін жеткізіп, елді мекендердің дамуына үлес қосады деп сенемін. Елдің болашағы жарқын болсын, – деді Елеусин Білімжан.Тоғызқұмалақтан шәкірт тәрбиелеп, ұлттық спорттың дамуына үлес қосып жүрген белгілі жаттықтырушының сайлауға қатысуы азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетеді.