Қара алтынды өндіруде жауапкершілік жүгін арқалаған мамандардың еңбегі ескерусіз қалмақ емес. Сәйкесінше құрмет те көрсетіліп, саланың қиындығы мен қызығы сөз болып, ондағы әр маманның жұмыс барысындағы ерліктері де айтылып келеді. Сол секілді салаға бағытталған түрлі сайыстар да өткізіледі.

Мәселен, жақында Атырау қаласында «KMG Skills – 2026» чемпионаты ұйымдастырылды. Аталмыш сайысқа Қызылорда облысынан «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ мамандары да қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Сыр елінің абыройын арттырған жеңімпаздардан  чемпионат жайында және еңбек ететін компания жайынды кеңірек білдік.

Сауалдар:

1. «KMG Skills – 2026» кәсіби шеберлік чемпионатына қатысу туралы ұсыныс қалай түсті?

2. Чемпионатқа арнайы дайындық ұйымдастырылды ма, әлде өз тәжірибеңізге сенімді болдыңыз ба?

3. «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясында қанша жылдан бері жұмыс істейсіз?

4. Байқауда қандай тапсырмалар берілді?

5. «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы тарапынан қандай қолдау көрсетілді?

6. Чемпионат қорытындысын қалай бағалайсыз?

7. Өзіңіз білетіннен білмейтініңіз көп па екен?

8. Байқауда басқа кәсіпорындардың мамандарымен тәжірибе алмасу мүмкіндігі болды ма?

9. «ПетроҚазақстан» компаниясында еңбек етудің сіз үшін қандай мәні бар?

10. «KMG SKILLS» сияқты кәсіби шеберлік байқаулары мамандардың дамуына қандай мүмкіндік береді?

«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамының технологиялық сорғылар машинисі, «KMG Skills – 2026» чемпионатының I-шіорыниегеріРуслан Рысмағамбетов: 

1. Чемпионатқа жіберген өзім жұмыс істейтін кәсіпорын. Осы орайда, «ПетроҚазақстан» — өз қызметкерлеріне сенім білдіріп, олардың кәсіби дамуына жол ашатын, әр жетістігін бағалайтын компания екенін айтқан жөн болар.

2. Республикалық бағытта алғаш рет қатысқан сайысым болғандықтан, дайындық жұмыстары жүргізілді.  Маған сенім артқан «Мұнай-газ цехының» жетекшісі Қосаев Нұрболға ерекше алғыс айтқым келеді.

3. «ПетроҚазақстан» компаниясына 2007 жылы слесарь-жөндеуші болып жұмысқа орналастым. Осы жылдар ішінде компанияда мол тәжірибе жинақтап, кәсіби тұрғыдан дамуыма үлкен мүмкіндік алдым. Жұмыс барысында сорғы жабдықтарының құрылысын, жұмыс істеу принциптерін меңгердім.

4. Сорғы жабдықтарымен жұмыс істеу, техника және өрт қауіпсіздігі, манекенге жүрек-өкпе реанимациясы турасында тапсырмалар берілді. Әр кезең кәсіби білімді, практикалық шеберлікті, жауапкершілікті және жылдам әрі дұрыс шешім қабылдай білуді талап етті. Осындай тапсырмалар арқылы өз тәжірибемізді көрсетіп қана қоймай, білімімізді шыңдап, кәсіби деңгейімізді арттыруға мүмкіндік алдық.

5. «ПетроҚазақстан» – менің кәсіби тұрғыдан қалыптасуыма жол ашқан, тәжірибе жинап, өзімді дамытуға мүмкіндік берген компания. Чемпионатқа қатысу арқылы жұмыс орнымның жоғары деңгейдегі қолдауына куә болдым.

6. Шынымды айтсам, жарысқа қатысқан кезде бірінші орын алу түгілі, жүлделі үштікке кіремін деген ой болған жоқ. Алайда бар күшімді салып, өз білімім мен тәжірибеме сүйене отырып, чемпионатта бірінші орынға ие болдым. Әрине, әділ өткен шешім болды.

7. Жабдықтардың құрылысын жетік білу, ықтимал ақауларды дер кезінде анықтау және техника қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау да жарыс барысында өз нәтижесін көрсетті.

8. Чемпионатта салаға қатысты барлық бағыт бойынша тәжірибе алмастық. Әріптестермен тәжірибе алмасу –  ортақ шеберлігімізді арттырып, компаниямыздың жетістігін еселей түсудің маңызды жолы.

9. Бұл чемпионаттағы жеңісім «ПетроҚазақстан» компаниясында өндіріс орнында жылдар бойы жинақтаған тәжірибемнің, үздіксіз ізденісімнің және өз ісіме деген жауапкершілігімнің нәтижесі.Сондықтан менің таңдауым да осы компания.

10. «KMG SKILLS» -кәсіби шеберлікті шыңдауға, тәжірибе алмасуға және мамандардың біліктілігі мен кәсіби әлеуетін көрсетуге үлкен мүмкіндік беретін жоғары деңгейде ұйымдастырылған чемпионат.

«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының мұнай және газ өндіру операторы,«KMG Skills – 2026» чемпионатының I орын иегері Алтынбек Омаров:

БҰЛ – «ПЕТРОҚАЗАҚСТАН ҚҰМКӨЛ РЕСОРСИЗ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖЕТІСТІГІ

1. «ПетроҚазақстан» — өз қызметкерлеріне сенім білдіріп, олардың кәсіби дамуына жол ашатын, әр жетістігін баға­лайтын компания. Мені чемпио­натқа жіберген де, қолдаған да осы компания басшылығы.

2. Негізі жауапкершілік алған соң кез келген сайыс алдында дайындық жұмыстарын пысықтаған артық етпейді. Әйткенмен, өз ісіне сенімді, әрі тәжірибелі маман барлық сайыста өз жұмысына қатысты ақпараттармен қанық болады ғой. Сол секілді компанияда жұмыс барысында меңгерген әдістерді осындай чемпионатта жетілдірдім десем де болады.

3.  «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компания­сында 2009 жылдан бері жұмыс жасаймын. Компаниядағы еңбек өтілім– 17 жыл.

4. Сайыста үш кезең бойынша әр маманға тиесілі тапсырмалар берді. Соның ішінде өзіме мұнай және газ өндіру операторына тиесілі тапсырмалар топтастырылды. Жалпы техникалық білімді, практикалық дағдыларды сайысқа салды.

5. Компания қолдау білдіргеннің нәтижесінде жетістікке жеттім деп ойлаймын. Чемпионат арқылы өз мүмкіндігімді сынап, басқа мұнай компанияларындағы әріптестеріммен тәжірибе алмасуға жақсы мүмкіндік болды. Компания басшылығына қолдау көрсетіп, сенім білдіргені және кәсіби тұрғыдан дамуыма мүмкіндік жасағаны үшін алғысымды білдіремін.

6. Әлбетте, өзіміз құр қайтпай жүлдемен оралған соң жақсы деп бағалаймын. Оның үстіне бұл өзіміздің ғана еңбек, не жеңіс емес, компанияда жұмыс істеу барысында жинақтаған тәжірибемізді шыңдауға, қолдауға куә болған соң, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясына тиесілі жетістік деп білемін.

7. Білетінімнен білмей­тінімді үйрендім дегеннен гөрі, тағы да тәжірибе жинақта­дым деген дұрыс болар. Өзге өңірлердегі басқа өндіріс орнының әдістермен салыс­тыр­ғанда біздегі жұмыс тактика­ларында өзгешелік болуы ықтимал. Осы орайда, осындай сайыстар арқылы өзара тәжірибе алмасуға болады.

8. Ең бастысы – жинақтаған білім мен тәжірибені әріптестермен бөлісіп, өндірістік міндеттерді шешудің оңтайлы жолдарын бірге талқылау және тиімді әдістерді күнделікті жұмыс барысында қолдану. Өзара тәжірибе алмасу мен қолдау көрсету кәсіби дамудың маңызды бөлігі деп есептеймін. Бұл өз кезегінде әр қызметкердің біліктілігін арттырып, жалпы кәсіби әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.

9. «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы мен үшін тәжірибе жинақтап, өз ісімнің қыр-сырын терең меңгеруге мүмкіндік берген маңызды еңбек ордасы. Мұнда әр күн жаңа міндеттерді шешуге, кәсіби қабілетімді шыңдауға жол ашылуда.

10. KMG SKILLS — мамандардың кәсіби әлеуетін ашуға, біліктілігін жетілдіруге және жаңа белестерді бағындыруға мүмкіндік беретін маңызды кәсіби алаң. Чемпионат тәжірибе алмасуға жол ашып, қатысушыларды үздік нәтижелерге қол жеткізуге ынталандырады.

«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ технологиялық қондырғылар операторы, «KMG Skills – 2026» чемпионатының III-ші орын иегері Сергей Гундарев:

ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТКІЗГЕН – «ПЕТРО ҚАЗАҚСТАН» 

Чемпионатқа қатысуды маған «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ басшылығы ұсынды, мен бірден келістім. Өзім үшін бұл білімім мен практикалық дағдыларымды тексеруге, сондай-ақ кәсіби деңгейімді бағалауға жақсы мүмкіндік болды.

Мен регламентпен мұқият танысып, көп жылдық жұмыс тәжірибемде жинақтаған практикалық біліміме сүйендім. Менің ойымша, біздің мамандығымызда теориялық білімді практикалық дағдылармен ұштастыру аса маңызды.

Мен 2010 жылдан бері технологиялық қондырғылар операторы болып жұмыс істеймін. Осы уақыт ішінде мол практикалық тәжірибе жинақтап, біздің мамандығымыздың қаншалықты жауапты екенін жақсы түсіндім. Бұл жұмыс мұқияттылықты, тәртіпті, техникалық білімді және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды қажет етеді.

Жарыс үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезең өрт қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға арналды, екінші кезеңде зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсету, соның ішінде жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу тапсырмалары қамтылды. Үшінші кезең технологиялық қондырғылар операторының кәсібіне тікелей қатысты практикалық тапсырмадан тұрды.

Заманауи технологиялық үдерістер практикалық тәжірибені ғана емес, білімді үнемі жаңартып отыруды да талап етеді. Оқу, тәжірибе алмасу және чемпионаттарға қатысу қызметкерлерге өз дағдыларын жетілдіріп, міндеттерін сенімдірек орындауға көмектеседі. Қызметкерлердің кәсіби деңгейі неғұрлым жоғары болса, компанияның жұмысы соғұрлым сенімді, әрі тиімді болады. «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ мамандарға тек жұмыс ұсынып ғана қоймайды, оны жетілдіру үшін, әрі тәжірибені арттыру үшін осындай және өзге де сайыстар мен чемпионттарға жиі қатыстырып, кәсіби дағдысын шыңдауға да мүмкіндік береді.

Мен қол жеткізген нәтижеме ризамын және үшінші орынды лайықты жетістік деп санаймын. Әрине, үйренер нәрсе де, кәсіби тұрғыдан өсуге мүмкіндік те әрдайым бар. Мен бұл нәтижені соңғы меже деп емес, әрі қарай кәсіби дамуыма серпін беретін қосымша ынталандыру ретінде қабылдаймын. Шындығын айта кету керек, жетістікке себепші – «Петро Қазақстан».

Біліктілікті арттыру қателіктердің алдын алуға, ықтимал қауіп-қатерлерді дер кезінде анықтауға және технологиялық үдерістердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге көмектеседі. Бұл тұрғыдан өндіріс компаниясының қолдауы жоғары деңгейде деп айта аламыз. Яғни, біз білетін әрі күнделікті практикада қолданып жүрген тактикалар чемпионтта көтерілді. Сайып келгенде, қызметкерлердің кәсіби дамуы – «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ компанияның дамуына қосылған үлес.

Чемпионат мамандармен пікір алмасуға және кәсіби міндеттерді орындау тәсілдерін салыстыруға мүмкіндік берді. Мұндай кездесулердің пайдасы зор. Өйткені олар тәжірибе алмасуға және басқа мамандардың өндірістік міндеттерді қалай жүзеге асыратындарын білуге мүмкіндік береді. Алған білім мен пайдалы тәжірибелер технологиялық талаптарымыз бен қауіпсіздік ережелеріне сәйкес келген жағдайда күнделікті жұмыста қолдануға болады.

Мен үшін «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясында жұмыс істеу – жауапкершілік, кәсіби тәжірибе және компанияның дамуына өз үлесімді қосу мүмкіндігі. Осы жылдар ішінде жинақтаған білімім мен тәжірибемді бағалаймын және компаниямен бірге дамуды жалғастыру маңызды деп санаймын.

 «KMG Skills» чемпионаты өз білімім мен дағдыларымды тексеруге жақсы мүмкіндік болды. Әріптестер мен басшылықтың қолдауы­ның маңызы зор. Кез келген мамандықта тәжірибе алмасуға, тәжірибелі мамандармен кеңесуге және бір-бірінен үйренуге мүмкіндік болуы маңызды. «KMG Skills» чемпионатына қатысуға мүмкіндік бергені үшін компания басшылығына алғысымды білдіремін.

Дайындаған А.Әлиарыстан

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған