Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған азамат Е.-ге қатысты іс қаралды.
Сотта анықталғандай, Е. қоғамдық орындатемекі шегіп, қалдығын белгіленбеген жерге тастап ортақпайдаланылатын орынды ластаған.
Сот отырысында Е. кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін көрсетіп, қоғамдық жұмыс тағайындауды сұраған.
Сот қаулысына сәйкес, құқық бұзушы аталған баппен кінәлі деп танылып, 40 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды.
Байқоңыр қалалық соты