Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен көзделген құқық бұзушылық әрекеті бойынша А.- ға қатысты іс қаралған.
Іс материалдарымен анықталғандай, 69 жастағы құқық бұзушы А. жолаушылар пойызының вагонында өзімен бірге жолаушы болып келген жәбірленуші Ж.-ға түнгі мезгілде қарап жатып әдепсіз қылықтарын жасап, тиісіп, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғаның тыныштығын бұзатын әрекеттерін жасаған.
Сотта құқық бұзушы А. осы жасаған әрекеттерін мойындаған. Осылайша, құқық бұзушының әрекеті жәбірленуші Ж.-ның ішкі істер органдарына берген арызымен, жазбаша көрсетуімен, көліктегі полиция бөлімі қызметкерінің баянатымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен дәлелденген.
Сот құқық бұзушы А.-ға жаза қолдануда оның егде жаста болуын ескерген.
Сот қаулысымен А. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынған.
Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.
Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты