Banner

Бүгін Қызылорда облыстық сотында тәжірибе алмасу және азаматтық процестік заңнаманы қолданудың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында жас судьялармен кездесу өтті.

Кездесуге Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Жақсылық, аудандық және оған теңестірілген соттардың жас судьялары қатысты.

Іс-шараны ашқан алқа төрағасы Ж.Жақсылық қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, мұндай кездесулердің тәжірибе алмасудағы маңыздылығына тоқталды.

Кездесу пікір алмасу форматында өткізіліп, талап қоюды (арызды, шағымды) қабылдау, талап қоюды қабылдау кезінде туындайтын өзекті мәселелер, талап қоюды кері қайтару және оны қабылдаудан бас тартудың құқықтық негіздері, сот тәжірибесінде жиі кездесетін мәселелер, сондай-ақ сот актілерін әзірлеу мен рәсімдеу тәртібі жан-жақты талқыланды.

Бірқатар соттардың судьялары аталған тақырыптар бойынша баяндама жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар көтерген сұрақтарға алқа төрағасы практикалық тұрғыда жан-жақты жауап беріп, өз тәжірибесімен бөлісті.

Кездесуді қорытындылаған алқа төрағасы Ж.Жақсылық судья әдебі нормаларын сақтаудың маңыздылығына тоқталып, судья әдебінің нормаларын қатаң сақтау судьялардың кәсіби қызметінің ажырамас бөлігі әрі судьялар қауымының басты міндеттерінің бірі екенін жеткізді.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған