Banner

Бүгін Қызылорда облыстық сотында «Азаматтық құқық және процесс» секциясы бойынша семинар өткізілді.

Семинарға Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Жақсылық, облыстық соттың судьялары, қалалық соттардың судьялары, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары бейнебайланыс арқылы қатысты.

Семинарды Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Б.Жақсылық ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, көтеріліп отырған мәселелердің маңыздылығына тоқталды.

Қызылорда облыстық сотының судьясы Н.Еламанов, ҚР Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Ш.Аманқұлов азаматтық істер бойынша сот тәжірибесін интеллектуалды талдау модулын қолдану бойынша негізгі мәселелерді семинар қатысушыларының назарына жеткізді. ҚР Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімінің аға сот приставы Б.Римов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне тоқталды.

Қызылорда қалалық сотының судьясы А.Абдразахов, Арал аудандық сотының судьясы Б.Керуенбаев, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Р.Бегимбаев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының талдаулар бойынша баяндама жасады.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған